ERP-Service

ERP-жүйесі бұл не?

Сөзбе-сөз ERP – кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау (ағылш. тіл. -Enterprise Resource Planning) - өндіріс, дистрибуция және қызмет көрсету салаларында клиенттердің тапсырыстарын орындауда сату, өндіру, сатып алу мен есепке алуды реттейтін кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді жоспарлау мен басқарудың әдіснамасы. Сонымен, ERP-жүйесі – бүкіл кәсіпорынның жұмысын басқаратын бірыңғай ақпарат жүйесі. Тәртіп ретінде ERP-жүйесі менеджерге қосымшамен жұмыс істеген уақытта бір орыннан бизнесінің әр әспекті, айтайық, қаржы саласы, қызметкерлерді басқару жүйесі немесе өткізім туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Негізінде, ERP-жүйесі бірнеше атқарымдық модульден тұрады, модульдің әрқайсысы кәсіпорын қызметінің әр саласын қамтиды (қаржы, негізгі құрал-жабдықты басқару, кәсіпорынның шығындары мен табыстарын есепке алу, әртүрлі шаруашылық операцияларда қолданылатын материалдық қорды басқару, үлестіру, сату, жеткізу, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді іске асыру жөніндегі ақпарат, адам ресурстары.)

ERP-жүйелері деректердің бірыңғай сақтау орнын құру принципіне негізделеді. Осындай құрал жекеленген ақпаратты бір орталықта жинақтап, деректерді орналастырудың арнайы технологиясы арқылы санаулы минуттар ішінде ақпаратты өңдеп шығады. Мысалы үшін, транзакциялық ERP-жүйесіне тоқсандық немесе жылдық есептерді өңдеуге бірнеше сағат керек. Сонымен қатар, деректерді сақтау орнының құралдары әр алуан талдамалы есептілікті жасауда қолданылады, оның интерфейсі қолданылуда түсінікті, сондықтан компанияның аналитиктері бағдарламашылардың көмегісіз есептерді жасай алады.

Компанияның көлемі мен бағдарламалық қамтамасыз етуіне байланысты ERP жүйесі жұмыстың әр облысына арналған модульдерден құрыла алады. Шағын бизнес кәсіпорындарына арналған жүйенің ішіне бухгалтерлік есеп модулі, қаржы модулі, сату, сатып алу, қоймаға түсімдер, қор бойынша деректер, өндірісті жоспарлау және өндіріс кестесін құрастыру, дайын өнім қоймасын есепке алу және тұтынушыларға жүк жөнелту модульдері кіреді. Ірі компаниялар мен шағын дистрибьюторлық компаниялар дайын өнім қоймасын басқаруға арналған бөлек жүйені енгізе алады. Басқа ұйымдарға арналған жүйе инженерлік модуль, өнім сапасын бақылау, негізгі өндірістік жабдықты басқару, қызметкерлерді басқару, сонымен қатар, өндірістік қауіпсіздікті бақылау, тұтынушылармен қарым- қатынасы модульдерінен тұрады.

Кез келген кәсіпорынның өзінің бизнес үдерістеріне тән ерекшеліктері бар, сондықтан ERP негізгі міндеті – осындай үдерістер мен қызметтерді барлық қызметкерлердің талабына сай келетін біріктірілген жүйеге келтіру. ERP-жүйелері енгізілген соң компанияның басшылығы бірнеше секунд ішінде кәсіпорын жұмысының барлық көрсеткіштері бойынша кез келген есептілікті қабылдай алады.