ERP-Service

ERP жүйелерін енгізу және дамыту бойынша консалтинг

ERP-консалтингі ең жаңа ақпараттық технологиялар арқылы компаниялардың бизнес үдерістерін ең жақсы дүниежүзілік басқару тәжірибесіне бейімделуге, кәсіпорынды басқару жүйесін енгізуге және басқарушылық есепті ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

ERP-Service компаниясы атқаратын ERP-консалтингінің қызметіне мынандай бағыттар жатады:

  • Тапсырыс берушінің бизнес-қажеттіліктерін талдау;
  • Кәсіпорынды басқару жүйесін (ERP) тапсырыс беруші компаниясының алдында тұратын қажеттіліктері, оның мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес таңдап алу;
  • Қойылған қажеттіліктер мен басым бағыттарға сәйкес жобалық ортаны ұйымдастыру және басқару жүйесін енгізу бойынша жобаны іске асыру;
  • Компания қызметкерлерін ERP-жүйесімен жұмыс істеуге оқыту;
  • Жүйенің тұрақты және үздіксіз жұмысын және көкейтестілігін (заңдардың өзгеруіне және компанияның ағымдағы қажеттіліктеріне бейімделу) қамтамасыз ету мақсатында жобадан кейінгі уақытта жүйені қолдау (бұл кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуі үшін өте маңызды).

ERP-жүйесі - компанияның бизнес - үдерістерінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін құрал. Жобаның барысында біз бизнес - үдерістерден ең үлкен қайтарымды алу үшін оларды қалай үйлестіруге болатындығы туралы кеңес береміз. ERP-жүйесінде іске асырылған бизнес-үдерістер көп жылдық тәжірибе негізінде қалыптастырылды, оларды дүние жүзінің мыңдаған компаниялары сынап көрді. Сондықтан, өзінің бизнес-үдерістерін тәртіпке келтіргенде оларды үлгі ретінде пайдалануға болады.

Кәсіпорынның қорын басқару жүйесін енгізу бойынша жобасы өндірістік қуаттарды кеңейту жобасы сияқты инвестициялық жоба. Жобаға жұмсалған қаржы алдағы уақытта елеулі дивидендтерді әкеледі.