ERP-Service

ERP-жүйесін 24х7х365 тәртібінде қолдау (тәулікте 24 сағат, аптада 7 күн, жылда 365 күн бойы)

ERP-жүйесі енгізілгеннен кейін жүйені кәсіпорында пайдалану және дамыту кезеңі басталады. Енгізілген жүйенің кейінгі тиімді пайдаланылуы мен дамытылуы сапалы және кәсіби техникалық қолдаумен іске асырылады. ERP-Service компаниясының колдау бөлімінің мамандары клиенттерге жүйені пайдалану, нұсқаларды жаңарту, шешімдердің таралымын көбейту, атқарымдық мүмкіндіктерді кеңейту мәселелерін шешуге көмек көрсетеді.

ERP-Service компаниясы ұсынатын техникалық жағынан қолдау қызметтері екі пакеттен тұрады: стандарттық және кеңейтілген қолдау.

Стандарттық қолдау жүйені қолдау және дамыту бойынша өзінің ресурстары бар клиенттерге арналған. Оның ішіне мынандай бағыттар жатады:

  • Жұмыс уақыты ішінде «тікелей желіні» ұсыну;
  • Клиенттің қателер жөніндегі сұрау салуларын қабылдау, өңдеу және оларды жүйені өндірушімен бірге анықтау;
  • Өндірушінің жаңартуларын ұсыну, оларды енгізудің мақсатқа сәйкестілігі жөнінде ұсыныс жасау.

Кеңейтілген қолдау ERP-жүйесі толық көлемінде енгізілген және ішкі қолдау қызметі жоқ немесе оның мүмкіндіктері шектеулі клиенттерге арналған. Кеңейтілген қолдаудың ішіне стандарттық қолдаудың қызметтері мен қосымша қызметтер кіреді:

  • Деректерді өңдеу үдерістерін тәртіпке келтіру және пайдалану мәселелері бойынша мамандардың кеңес беруі;
  • ERPcenter компаниясында қателер мен жүйенің жаңылуы пайда болған кезде оперативті талдауды қамтамасыз ету үшін клиенттің деректер қорын көрсету;
  • Табылған қателерді оперативті түзету және қателерді жібермеу үшін іс-шараларды әзірлеу;
  • Клиенттің деректер қорын жаңа нұсқаға көшіру және жүйені өндірушінің стандарттық нұсқасын жаңарту бойынша кеңес беру.

Жоғары деңгейлі техникалық қолдау жүйеге сенімділік білдіру және оның атқарымдылығын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.