ERP-Service

Компания

«ERP-Service «KazTransCom» ЖШС( қысқаша — ERP-Service) — Қазақстанның ERP-жүйелерін енгізу нарығындағы сөзсіз жетекшісі болып табылады.

Біздің мамандандыруымыз — ERP- жүйелерін енгізу, қолдану және қолдаудан бастап аутсорсинг шеңберінде ERP-жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге дейінгі SAP AG компаниясының шешімдері негізіндегі автоматтандырылған басқару жүйелері.

Классикалық ERP-жүйелері «коробкадағы» бағдарламалармен салыстырып қарағанда, «ауыр» бағдарламалық өнімдердің санына жатады, сондықтан интегратор-компанияның дұрыс өнімді таңдауы - өте маңызды міндет.

ERP-service —сіздің таңдаған қалауыңыз!

Біздің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін енгізудегі үлкен тәжірибеміз, білімді мамандарымыз және қазіргі заманғы құралдарымыз бар.

ERP-Service штатында SAP ERP бағдарламалық кешенінің шешімдері негізінде негізгі атқарымдық модульдер енгізілген «Испат-Кармет» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Жайремский ГОК» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, АО «ҚазМұнайГаз» БӨ», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ жобаларына қатысқан SAP шешімдері бойынша сертификаттары бар жүзден астам аса білікті маманы бар.