ERP-Service

Тарихы

ERP-Service компаниясының даму тарихы «ҚазТрансОйл» АҚ ҰПЕО» филиалының құрылуынан басталады. Филиалдың осы күнге дейінгі негізгі қызметі – технологиялық және басқарушылық үдерістерді автоматтандыру, телекоммуникациялар жүйесін жаңғырту және ақпарат технологияларын дамыту.

«ҚазТрансОйл» АҚ –ында SAP AG неміс компаниясының шешімдері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесін табыспен енгізгеннен кейін, Үйлестіру Кеңесінің ҚазМұнайГаз ҰҚ АҚ-ында ERP-жүйелерін енгізу жөніндегі шешімінің негізінде қызмет аясын кеңейту және Қазақстанның мұнайгаз саласының кәсіпорындарында ERP-жүйелері аутсорсингімен шұғылданатын консалтингілік компанияны құру жөніндегі шешім қабылданды.

Осыған байланысты 2005 жылғы 16 наурызда қазіргі ERP-Service компаниясының алдында болған «IT-service АО «KazTransCom» филиалы құрылды. Филиал ұжымының көпшілігін «ҚазТрансОйл» АҚ ҰПЕО» филиалының бұрынғы қызметкерлері құрды. Олардың «Испат-Кармет» АҚ, «Жайремский ГОК» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ компанияларында жүйелерді енгізу тәжірибесі бар. «IT-service АО «KazTransCom» филиалының негізінде «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ сияқты компанияларда ERP-жүйелерін енгізу мен қолдау бойынша жобалар іске асырылды.

2006 жылғы тамыз айында «KazTransCom» АҚ мәртебесін қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтің бәсекеге жарамдылығын арттыру және қызметінің экономикалық көтерілуін ары қарай дамыту мақсатында «ERP-Service «KazTransCom» ЖШС құру жөніндегі шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда ERP-Service компаниясы Қазақстан Республикасындағы ақпарат технологиялары саласында алдынғы қатардағы консалтингілік компаниялардың бірі.