ERP-Service

Сапа менеджментiнiң жүйесi

«ERP-service «KazTransCom» ЖШС

САПА САЛАСЫНДАГЫ САЯСАТЫ

Біздің Компания ERP-жүйелерді енгізу, қолдау, техникалық қолдау бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеді және отандық IT-саласының осы сегментіндегі сөзсіз көшбасшы болып табылады.

Біздің Компания SAP AG компанияның шешімдері негізінде басқарудың автоматтандырылған жүйелері саласында маманданған және Қазақстан нарығында ең үздік әлемдік тәжірибелерді, жаңа технологияларды және жоғары стандарттарды алға жылжытуға бағытталған.

Біздің Компания ұсынатын қызметтер сапасының кепілдігі дегеніміз бұл:

  • команданың кәсіби, жауапты, келісілген жұмысы;
  • сенімдтік, деркезділік, тапсырыс берушінің проблемасын 24x7x365 (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн) режимінде шешің жеке тәсілі;
  • мұнай газ саласындағы отандық ipi компанияларды автоматтандыру бойынша жобаларға қатысудың көп жылдық тәжірибесі.

Сапа саласындағы стратегиялық мақсаттар:

  • көшбасшылық қалпын сақтау және Компанияның Қазақстан және таяу шетелдердің IТ-нарығының ЕRР-жүйесі сегментінде қатысуын кеңейту;
  • Тапсырыс берушінің талаптарын және ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге тиімді шығындар кезінде тұрақты табыс алу;
  • ҚР СТ ИСО 9001-2001 стандартының талаптарына сәйкес Компанияны басқару тиімділігін арттыру;
  • Компанияның интеллектуалдық әлеуетін сақтау және молайту;
  • отандық нарықта ақпараттық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлемелерді алға жылжыту.

Стратегиялық мақсаттарды іске асыру мына жолдармен қамтамасыз етедi:

  • қaзipгi бар және тұрақты тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес ұсынылатын қызметтердің сапасын тұрақты арттыру және спектрін ұлғайту;
  • персоналдың кәсіби деңгейін тұрақты арттыру және біліктi және энергиялы қызметкерлерді ынталандыру, дәлелдеу жүйесін жетілдіру, қызметкерлерге әлеуметтік кепілдік беру;
  • отандық және шетелдік жеткізушілермен және бизнес-серіктестермен ұзак мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас орнату.

Біздің тиімділігіміздің негізін Компанияның қызметкерлері құрайды. Бiз олардың жоғары кәсібилігін, командада жұмыс iстey қабілетін бағалаймыз. Бiз Компания қызметкерлерінің еңбегін лайықты бағалауды қамтамасыз етуде және даму мүмкіндігіне шаралар қабылдап, көмек керсетеміз.

Алға койылған мақсаттарды іске асыру үшін Компания директоры жауаптылықта болады. Сапа менеджменті саласындағы саясатты іске асыру және алға қойылған міндеттерді орындау барысы туралы ақпарат барлық қызметкерлерге хабарланады.

«ERP-service «KazTransCom» ЖШС директоры Цай В.А.