ERP-Service

Регистрация   Почта  

Команда

«ERP-Service «KazTransCom» ЖШС компаниясының SAP ақпараттық жүйелерін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінің тарихы 2000 жылдан басталады және «ҚазТрансОйл» АҚ Ұжымдық пайдаланудағы есептеу орталығы», IT-Service «KazTransCom» филиалы сияқты ұйымдарының әр кездерде кадрлық негізін құраған адамдармен байланысты.

ERP-Service командасының кәсіпті, жауапты, келісіліп орындалған жұмысы — компанияның айтарлықтай табысы.

Біздің қызметкерлердің терең білімдері, жоғары кәсіби деңгейлері, тәртіпке салынған жұмыстары тапсырыс берушілердің қойған мақсаттарына жетулері мен компаниямыздың жетістіктеріне қол жеткізеді.

Компания жұмысының алғашқы жылдарының барлық қиыншылықтарын жеңіп, біздің ұжым клиенттердің кез келген сұраныстарын қанағаттандыратын және ең күрделі жобаларды іске асыратын бай тәжірибелерімізді іске асырады.

Соның нәтижесінде, компанияның SAP жүйесін енгізудегі көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар мамандарының білімдері тәуекелді жобаларды орындауға мүмкіндік береді.

Компанияның жетістіктеріне жетуі Бағдарламалау бөлімінің икемділігімен және кәсіптілігімен тығыз байланысты. Бір-біріне көмек көрсетіп, тәжірибе алмасып, кәсіптік деңгейлерін көтеріп, 14-16 адамнан тұратын команда бағдарламалау бойынша көлемді жұмысты сапалы түрде орындай отырып, бір мезгілде 4-5 жобаны енгізіп, қолдап жатады.

Біздің тапсырыс берушілердің SAP R/3 жүйелері мен серверлері бойынша қызмет көрсететін Әкімшілдік бөлімінің аса білікті мамандарының арқасында компания мамандарды сырттан қатыстырмай отырып, SAP R/3 жүйелерінің инсталляциялары, миграциялары мен Upgrade жүргізе алады. Сондықтан, енгізу үдерісін тапсырыс берушілер үшін серверлерді сатып алудан бастап, жүйені толық түрде енгізуге дейін жүзеге асыруға болады.