ERP-Service

Регистрация   Почта  

Клиенттер


«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мемлекеттік және мұнайгаз саласының мүдделерін қорғайтын көмірсутекті барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық операторы.


«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасындағы мұнайды тасымалдау бойынша негізгі оператор.


«Интергаз Орталық Азия» АҚ - газ құбырының бас желілеріне техникалық қызмет көрсету және пайдалану, ішкі тұтынушы, сонымен қатар, халықаралық транзит үшін табиғи газды тасымалдау.


«ҚазТрансГаз» АҚ - табиғи газды бас желімен тасымалдау және сақтау, аймақтық тасымалдау, газды өткізу және кәдеге жарату, газды өндіру/қайта өңдеу, электр қуаты мен жылу қуатын өндіру, үлестіру және өткізу.


«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстан құрлығындағы көмірсутек шикізаты қорынан мұнай, табиғи газ бен ілеспе газды өндіруші. Сонымен қатар, компания қор қоймасын сақтау мен дамытуға арналған барлау жұмыстарының бағдарламасын белсене жүзеге асырып жатыр.


«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ - мұнай, газ бен мұнай өнімдерін шетке шығару және шеттен әкелу, мұнайды қайта өңдеу активтерін басқару, сонымен қатар, ішкі нарықта мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу.


«ҚазФосфат» ЖШС - геологиялық барлау жұмыстарын өткізу, фосфоритті руданы өндіру және қайта өңдеу, сары фосфорды және оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштарды және азықтық фосфаттарды өндіру және өткізу.