SAP бәрі қолдан келеді
«Қазфосфат» ЖШС үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап SAP ERP 2005 біріктірілген ақпараттық есептеудің жаңа жүйесіне көшті. Бұл жүйенің басты құндылығы - компанияның материалдық емес активтерінің өсуін қаматамасыз ететін, күрделі бизнес- үдерістерді автоматтандыруға және халықаралақ сапа стандартына сәйкес корпорациялық басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бағдарламалық кешен.
Фосфориттерді геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеумен шұғылданатын, сонымен қатар, өнімнің жиырмадан астам түрін шығаратын (Еуропа мен ТМД нарықтарына арналған ұсатылып және майда тартылған фосфор шикізаты, доломит пен кесек әк тасынан бастап аммофос, суперфосфат пен сары фосфорға дейін) жеті үлкен филиалы бар «Қазфосфаттың» ірі өндірісінде бірыңғай ақпарат жүйесі ауадай қажет болды.
Кез келген филиалдың атқарған қызметі туралы ақпаратты нақты уақыт тәртіптемесінде алу мүмкіндігі фосфорлы ішкі саланың іргерішілдігін, дүние жүзілік нарыққа жоғары сапалы, бәсекеге жарамды өніммен шығуын қамтамасыз етеді.
Бірақ, ескі жүйе ақпаратты жедел алуға мүмкіндік берген жоқ: әрбір филиал есепті жеке жүргізіп, содан соң деректер бас офисіне тапсырылған болатын.
Бұл іспен, әртүрлі бөлімдердің операцияларын жарыса жүргізіп, бухгалтерия қызметерлері айналысқан еді.
Сондықтан, есептерде көптеген қателер болды.
Ескі жүйе қауіпсіздік талаптарына сай келген жоқ. Компанияның басшылығы жаңа жүйені іздеуді бастады. Әртүрлі операциялық жүйелер мен басқа өндірушілердің деректер қорына қосылушылығын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық тұғырнамасы бар және халықаралық стандарттарға сай келетін SAP ERP талғап алынды. Сонымен қатар, SAP жүйесінің көлемділігі оны дүние жүзінің ең ірі компаниялардың жұмысында жоғары өнімділікпен пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында SAP жүйесін енгізген «ERP-Servise «KazTransCom» ЖШС аса білікті кеңесшілерінің көмегімен екі жыл бойы жүйе жобаланып дәлденіпті. Қазіргі заманғы, қабыл алмауға төзімді жабдық алынды, өнімнің пайдаланылу сапасының дүние жүзілік стандарттарына сәйкес техникалық шарттар дайындалды, республикамыздың әртүрлі аймағында орналасқан жеті филиал мен екі офисті біріктірген бірыңғай корпорациялық жүйе ұйымдастырылды, 210 жуық дербес компьютер, принтер мен коммуникациялық жабдық алынды, оқу сыныбы жабдықталды. SAP бағдарламалық қамтамасыз етуі (200 лицензия) мен оны қолданудағы көрсетілетін қызметтерді пайдалану құқығын алу үшін «САП Қазақстан» ЖШС-мен шарт жасасты. Үстіміздегі жылдың бесінші қаңтарында жүйенің жемісті пайдалануы басталды.
Бұл жүйе барлық бағыттар бойынша іргерішіл: контрагенттердің бірыңғай анықтамалығы алғашқы рет құрастырылды, қаржы ағыны ашық болып көрсетілді. Қаржыны басқаруда SAP жүйесінің пайдаланылуы компанияның барлық филиалдары бойынша шоғырландырылған есептілікті алуға мүмкіндік берді. Негізгі құрал-жабдық пен материалдар сыныптауышы әзірленді.
Енді менеджерлерге жабдықты сатып алған кезде қоймадағы өнімнің түгел бар болуы туралы толық мәліметті кез келген уақытта алуға болады. Бұл уақытты ұқыпты жұмсауға және шығындарды арзандатуға қолайлы жағдай жасайды.
Бизнес-үдерістер сәйкестендірілді, ақпараттың қосарланушылығы жойылды. Ақпараттың оперативті енгізуіне және есептің көп болуына байланысты өткізуден түскен табыстар бойынша талдау мен болжауды жылдам жасауға болады. Оn-line тәртібінде сатуға арналған өнімнің бар болуы туралы ақпаратты алуға болады. Тауарлардың сапасын, санын және бағытталуын, сонымен байланысты шығындарын бақылап отыруға ешбір қиыншылық жоқ. Шарттардың бірыңғай қоры қалыптастырылды: жаңа жүйе шарттардың орындалуын қадағалауға мүмкіндік туғызып отыр.
Бухгалтерия саласында да жақсы өзгерістер бар: транзакциялар стандартқа ауысты, сәйкестендірілді, есептер егжей-тегжейін талдап беріліп отыр – сондықтан, барлық баланстық шоттар бойынша қалдықтар мен қозғалыстарды анықтауға болады. Сонымен қатар, қазіргі кезде филиалдар мен бөлімшелер, қарызгерлер мен несиегерлер, тауар-материалдық құндылықтар бойынша талдамалы деректерді алуға болады.
Тағы бір қосымша: Алматы, Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шымкент, Степногорск қалаларында орналасқан компанияның барлық филиалдары арасында телекоммуникациялық байланыс орнатылды, «Қазфосфаттың» басшылығы бірнеше минут арасында кәсіпорын жұмысының әр бағыты бойынша кез келген есептілікті қабылдай алады. SAP жүйесінің ең басты құндылығы: бухгалтерия мамандарынан басқа бұл жүйеде технологтар да, энергетиктер де, жабдықтаушылар да, заңгерлер де - жүйе ішіне кіруге құқығы бар барлықтар жұмыс істей алады.
Нұрзия ЛЕСБЕКОВА,
«Қазфосфат» ЖШС бас директорының қаржы бойынша орынбасары
Тараз қаласы
Сілтеме "Республиканская газета "Казахстанская Правда" АҚ алынды: http://www.kazpravda.kz/index.php?uin=1151984397&chapter=1251229215&act=archive_date&day=26&month=08&year=2009
SAP бәрі қолдан келеді