ERP-Service

Регистрация   Почта  

21.10.2009

«ERP-service « KazTransCom» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында SAP жүйесін енгізудің 10-жылдығына арналған конференцияны өткізді

Қазанның 16-сында біздің компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында SAP жүйесін енгізудің 10-жылдығына арналған конференцияны өткізді. Бұл іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ тапсырыс беруші компаниялары шақырылды.

«ERP-service «KazTransCom» АҚ директоры техника ғылымдарының докторы Владимир Александрович Цай қошеметтеп сөз сөйледі.

В.А. Цай өзінің сөзінде Қазақстанның мұнайгаз саласының кәсіпорындарында SAP жүйесін енгізудің алғашқы кезеңдері туралы баяндап, сөзінің соңында «10 жылды «ҚазТрансОйл» АҚ «САП-Қазақстан» ЖШС ERP-жүйесін енгізу жөніндегі өзара шарт жасасқан уақыттан бастап есептейміз. Бұл іс-шара бейресми жағдайда бір-бірін түсіну, араласу мақсатымен біздің клиенттер үшін өткізіледі. Осындай кездесуді жыл сайын дәстүр ретінде өткізуге сенім білдіремін. «ERP-service «KazTransCom» ЖШС әр қызметкері тапсырыс берушімен достық қарым-қатынас жасау керек, яғни сондай өзара байланыс бірлесіп қойған мақсатқа жетуіне мүмкіндік туғызады» -деп мәлімдеді.

Одан кейін «ERP-service “KazTransCom” ЖШС дамыту департаментінің директоры Малородов Алексей «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ кәсіпорындарында SAP шешімдерінің пайдалануы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, тапсырыс беруші компаниялардың мынадай өкілдері сөз сөйледі:

Алма Төлешқызы Оспанова- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БЕЖ енгізу және ақпарат технологиялары департаментінің бас менеджері;

Алшын Жаппасұлы Шекімов – «ҚазТрансОйл» АҚ Ұжымдық пайдаланудағы есептеу орталығы» филиалының директоры;

Асқар Асқанұлы Жәкенов-«ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ ақпарат технологиялары департаментінің директоры;

Низамиден Рашиденович Сагитаев-«Интергаз Орталық Азия» АҚ ақпарат технологиялары департаменті директорының орынбасары.

Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ алты компаниясы SAP жүйесінде жұмыс істейді. Әрбір жобаның өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. «ҚазТрансОйл» АҚ жобасы- ең алғашқы жоба.
  2. «Интергаз Орталық Азия» АҚ жобасы – ең аз уақыт ішінде енгізілген жоба – 9 ай.
  3. «ҚазТрансГаз» АҚ жобасы-талдамалы бизнес енгізілген ең бірінші жоба.
  4. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жобасы – ең кең көлемді жоба(оның ішіне 33 баланстық бірлік кіреді)
  5. «ҚазМұнайГаз» АҚ жобасы- басқарушы компаниядағы алғашқы жоба.
  6. «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» АҚ жобасы- IS-OIL мұнай мен мұнай өнімдерін сала бойынша енгізген Қазақстандағы бірінші компания