SAP R/3 жүйесі компанияның әр алуан бизнес-үдерістерін қолдайтын және нақты уақыт көлемінде бір-бірімен біріктірілетін қолданбалы модульдерден тұрады.
Модуль негізгі бухгалтерлік есептілікті, қарызгерлер бойынша есептілікті, несиегерлер бойынша есептілікті және көмекші бухгалтерияны ұйымдастыруға арналған. Модульдің ішіне: Басты кітап, Қарызгерлер бухгалтериясы, Несиегерлер бухгалтериясы, Қаржылық басқару, Арнаулы регистр, Шоғырландыру және Есепке алу мен есептіліктің ақпарат жүйесі кіреді.
Модуль кәсіпорынның шығындары мен кірістерін есепке алуды қамтамасыз етеді. Модульдің ішіне: Шығындарды есепке алу (шығындар орталықтары), Тапсырыстар бойынша шығындарды есепке алу, Жобалар бойынша шығындарды есепке алу, Шығын калькуляциясы, Пайданы бақылау (нәтижелер), Пайда шыққан орындарды бақылау (пайда орталықтары), Өндірімді есепке алу, Кәсіпорын қызметінің контроллингі кіреді.
Модуль негізгі құрал-жабдықты есепке алуға және оларды басқаруға арналған. Модульдің басты элементтері: Негізгі құрал-жабдықты техникалық басқару, Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу, Инвестициялар контроллингі және активтерді сату, Негізгі құрал-жабдықтың дәстүрлі бухгалтерлік есебі, Негізгі құрал-жабдықты ауыстыру және өтелім, Инвестицияларды басқару.
Қолданбалы PS модулі ұзақ мерзімді, деңгейі аса күрделі жобаларды жоспарлауға, басқаруға және мониторингін жасауға бағытталған. Қолданбалы PS модулінің басты элементтері: Қаржы-қаражаты мен қорды бақылау, Сапаны бақылау, Уақытша деректерді басқару, Жобаларды басқарудың ақпарат жүйесі, Жалпы модульдер.
Модуль кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлау мен бақылау үшін қолданылады. Қолданбалы модульдің басты элементтері: Айрықшалау (BOM), Технологиялық карталар, Жұмыс орталықтары (орындары), Өткізімді жоспарлау (SOP), Өндірістік жоспарлау (MPS), Материалдарды қажетсінуді жоспарлау (MRP), Өндірісті басқару (SFC), Өндірістік тапсырыстар, Бұйымға жұмсалған шығын калькуляциясы, Үдерістер шығындарын есепке алу, Сериялық өндіріс, Канбан (Just in time), Үздіксіз өндірісті жоспарлау.
Модуль әр түрлі шаруашылық операцияларда қолданылатын қорларды жабдықтау және басқару бойынша қызметін атқарады. Басты элементтер: Материалдарды сатып алу, Қорларды басқару, Қоймаларды басқару, Шоттарды бақылау, Материалдар қорын бағалау, Жеткізушіні аттестаттау, Қызметтер мен жұмыстарды өңдеу, Сатып алудың ақпарат жүйесі және қорларды басқарудың ақпарат жүйесі
Модуль үйлестіру, сату, жеткізу және шоттарды ұсыну мәселелерін шешеді. Басты элементтер: Сату алдындағы қолдау, Сұрау салуларды өңдеу, Ұсыныстарды өңдеу, Тапсырыстарды өңдеу, Жеткізімдерді өңдеу, Шоттарды ұсыну (фактуралау), Өткізімнің ақпарат жүйесі.
Бұл модульдің ішіне ақпарат жүйесі мен сапаны басқару жүйесі кіреді. Ол өндіріс барысында және сатып алу кезеңінде сапаны жоспарлау, тексеру және бақылауды қамтамасыз етеді. Басты элементтер: Сапаны тексеру, Сапаны жоспарлау, Сапаны бақылаудың ақпарат жүйесі (QMIS).
Модуль техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің шығындарын есепке алуды және қаражатты жоспарлауды қамтамасыз етеді. Басты элементтер: Жоспарламаған жөндеу, Қызмет көрсетуді басқару, Жоспарланған алдын ала жөндеу, Айрықшалауды жүргізу, Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ақпарат жүйесі.
Қызметкерлер жұмысын жоспарлау мен басқаруға арналған толық түрде біріктірілген жүйе. Басты элементтер: Қызметкерлерді әкімшілік ету, Жалақыны есептеу, Уақытша деректерді басқару, Іссапарлар шығындарын есептеу, Жеңілдіктер, Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, Қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру және жоспарлау, Жұмыс күшін пайдалану, Семинарларды басқару, Ұйымдастырушылық менеджмент, Қызметкерлердің ақпарат жүйесі.
Жүйенің бұл бөлігі біріктірілген қолданбалы модульдерді барлық қосымшаларға ортақ технологиялармен, қызмет көрсету құралдарымен байланыстырады. Операциялар ағынын басқару (workflow) күні бұрын белгіленген процедуралар мен ережелерге сәйкес шаруашылық үдерістерді автоматтандырады. Модульдің ішіне электронды пошта енгізілген көп атқарымдық офис жүйесі, құжаттарды басқару жүйесі, әмбебап сыныптауыш, Автоматтандырылған бағдарламалау жүйесімен біріктіру жүйесі кіреді. Белгілі бір жағдайда тиісті процесс іске қосылып, операциялар ағынының диспетчері операциялар ағынының бірлігін іске қосуды бастайды (Workflow Item). Деректер мен құжаттар әр қадам бойынша белгілі бір қисынға сәйкес біріктіріледі және өңделінеді.
SAP R/3 қолданбалы модульдері мен белгілі бір салаға тән қосымша атқарымдылықты байланыстырады. Қазіргі уақытта авиация мен ғарыш, қорғаныс, автомобиль, мұнай мен газ, химия, фармацевт, машина құрылысы, халық тұтынатын тауарлар өнеркәсібіне арналған, банкілер, сақтандыру, мемлекеттік органдар, телекоммуникациялар, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бөлшектеп сату сияқты электрондық және өндіріске жатпайтын салаларына арналған салалық шешімдер бар.
SAP R/3 жүйесінің негізін құрайды, барлық қолданбалы модульдердің аппарат тұғырнамасымен байланыссыз түрде жұмыс атқаратындығын қамтамасыз етеді және біріктіреді. Базистік жүйе көп деңгейлі, күрделі құрылымды клиент-сервер жүйесінде жұмыс атқаруды қамтамасыз етеді. SAP R/3 жүйесі UNIX, AS/400, Windows NT, S/390 серверлері бойынша және әр түрлі (Informix, Oracle, Microsoft SQL Server, DB2) ДББЖ– мен жұмыс атқарады. Пайдаланушылар Windows, OSF/Motif, OS/2 немесе Macintosh бағдарламаларында жұмыс істей алады.
Осында SAP R/3 жүйесінің негізгі қызметтері ғана көрсетілді, ал Internet/intranet-те жұмыс істеудің мүмкіндіктері, сыртқы жүйелердің BAPI (Business Application Programming Interface) интерфейсі арқылы SAP қисынына шығуы және тағы басқа қызметтер көрсетілген жоқ.
SAP R/3 жүйесіне қысқаша ғана шолу жасағанда, бұл жүйенің ірі ұйымдар алдында тұратын күрделі міндеттерді шешуге қабілеттілігі бар екендігі көрінеді. SAP SAP R/3 - бүгінгі таңда ең күрделі жүйе болып табылады. Дүниежүзілік экономиканың жетекшілері осы жүйені негізгі корпорациялық жүйе ретінде таңдап алды.
Бұған қарамастан, SAP R/3 жүйесін сатып алатын компаниялардың үштен бірі - жылдық айналымы 200 млн долл. кем орташа фирмалар екендігін статистика белгілеп отыр. SAP R/3 – үйлестірілетін жүйе, сондықтан бұл жүйені сатып алған кәсіпорын өзінің параметрлеріне сәйкестендірілген жеке нұсқамен жұмыс істейді. Жүйенің сәйкестендіру тәсілі бұл жүйенің техникалық деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Жүйенің үйлестірілу мен сәйкестендірілу мүмкіндігі осы жүйенің техникалық деңгейін анық көрсетеді. Осы параметр бойынша SAP R/3 дүние жүзінде басты орынды алады.